Инвесторларға

Акционерлер мен инвесторлар үшін «Петрокоммерц Қазақстан» АҚ корпоративтік оқиғасы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы, 050022,Алматы қ., Алмалы ауданы, Құрманғазы к-сі, 79 орналасқан «Петрокоммерц Қазақстан» акционерлік қоғамы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 79-бабына сәйкес келесі корпоративтік оқиға – әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша әкімшілік өндіріп алудың салынуы туралы хабарлайды:
1) әкімшілік жауапкершілікке тарту турлы шешім шығарған мемлекеттік органның атауы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
2) мемлекеттік орган әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған күн, шешім нөмірі: 14.08.2015 ж.
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің баптарын көрсетіп, әкімшілік өндіріп алу мазмұны (әкімшілік құқық бұзушылық құрамы) – әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 256-бабының 1-бөлігі бойынша Қоғамды әкімшілік жауапкершілікке тарту түрінде әкімшілік өндіріп алу (бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) аффилиирленген тұлғаларының есептілікті, мәліметтерді және (немесе) басқа сұралған ақпаратты тікелей, бірнеше рет (кезекті күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) уақтылы бермеуі), екі жүз айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде айыппұл салу.

19.08.2015